Қар 15, 2022 01:50 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі тарапынан Систан мен Белуджистанға делегация жіберілді

Мұхаммед Джавад Хадж Әли Акбари жексенбі күні Ислам революциясы жетекшісінің атынан жоғары лауазымды делегацияны бастап Систан мен Белуджистанға барды.

Хадж Әли Акбари Ислам революциясы жетекшісінің Систан мен Белуджистанның қиыншылықтарын шешу үшін ойластырған шешім жолдарын облыстың ақсақалдары және түрлі топ өкілдерімен ортаға салады және кейінгі оқиғаларға зардап шеккендермен кездеседі.

Ислам революциясының жетекшісі тарапынан жіберілген делегация жексенбі күні Систан мен Белуджистанға сапардың бірінші күні облыс қауіпсіздігін қорғау жолында шәһид болғандардың жанұяларымен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады. Аталмыш делегация облыстағы көрнекті сүннит үлемдер, соның ішінде молда Абдулхамид, Исмаил Зехи мен молда Абдулсамад Садатимен кездесуінде кейінгі кезде болған оқиғаларды талқылайды.

Ислам революциясының жетекшісі тарапынан Систан мен Белуджистанға делегацияның жіберілуі – жүйенің осы ауқымды облыстың мәселелеріне айрықша назар аударып отырғанының белгісі. Және осы облыстың кейбір қалаларында кейінгі кезде болған оқиғаларды ескеріп, халықтың талап-тілектерін қарастыру қажеттігін көрсетеді. Көңіл аударарлық жайт, тексеріс жүргізуге делегация жіберу – әлемнің басқа елдерінде  сирек кездесетін мысал. Бұл ИИР жүйесінің халықтық үкімет екенін көрсетеді. Ол кейінгі 43 жылда әрдайым халықтың қолдауына ие болып келеді. Халық ішкі-сыртқы дұшпандардың түрлі қастандықтарына қарсы күресте осы жүйені тұрақты да табанды қолдап келеді.  

Систан мен Белуджистан облысында кейінгі кезде болған оқиғалар көрсеткендей, әлемдік үстемшілдер антиреволюциялық топтармен бірге Иранның түрлі өңірлерінде тұрақсыздық пен бейберекттік тудыруды қалап, исламдық жүйені әлсірету мақсатында халықты арандатуға кірісті. 30 қыркүйекте Систан мен Белуджистан облысының орталығы Захедан қаласында сүнниттердің жұма намазы аяқталған кезде бір топ адам мешітке жақын жердегі №16 полиция бөлімшесіне шабуыл жасап, оны басып алды.

Осы шабуыл барысында басқыншылар мен полиция бөлімшесін қорғаушы күштер арасында қақтығыс болып, бірнеше жазықсыз адам мен намазхандар қаза тауып, бірқатары жараланды.

Бұған қарамастан, Ислам революциясы жетекшісінің Систан мен Белуджистанда кейінгі кезде болған оқиғаларға тексеріс жүргізу, зардап шеккендерге көмектесу,  осы облыстың қиындықтары туралы түрлі ұйымдар мен жауапты тұлғалардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау және мәселелерді шешу жолдарын табу мақсатында осы облысқа делегация жіберуі ішкі-сыртқы дұшпандардың жарнамалары мен әрекеттерін залалсыздандыруда маңызды да сындарлы іс-қимыл болып отыр.

Тегтер