Иран мен Беларусь сауда қатынастарының кеңеюін құптады
Иран Палатасының президенті мен Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті кездесіп, іскерлік қарым-қатынастардың кеңеюін құптады.
Екі елдің экономикалық белсенділерінің отырысында Иран мен Беларусь Сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Иран Палатасының төрағасы Ғұламхұсейн Шафеи Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Михаил Мятликовпен бірлескен кездесуде: «Қарым-қатынастарды кеңейту саласында Иран мен Беларусь Сауда-өнеркәсіп палаталарына үлкен жауапкершілік жүктеліп, екі елдің ресми тұлғалары арасындағы келіссөздерде ұсынылған шаралар жүзеге асса, қысқа мерзімде алмасу көлемін арттыруға болады. Иран мен Беларусь палаталары арасында ортақ коммерциялық комитет құру да екі елдің жеке секторларының сауда қарым-қатынастары үшін қажетті қауіпсіздікке негіз бола алады»,- деді.
Бұл кездесуде Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Михаил Мятликов та Батыстың екі елге салған санкцияларына тоқталып: «Санкциялар шектеулер емес, керісінше, екі елдің ынтымақтастығы санкцияға ұшыраған елдер үшін мүмкіндікке айнала алады».- деп айтты.