Иран Президенті мен Ирак Премьер-министрі бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
(last modified Tue, 29 Nov 2022 11:04:05 GMT )
Қар 29, 2022 17:04 Asia/Almaty

Иран Президенті Теһранда Ирак Премьер-министрімен ортақ баспасөз мәслихатында: «Аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық тақырыбы, сондай-ақ  лаңкестік ұйымдармен күрес және аймаққа қауіп төндіретін кез келген қоған-лоққы екі елдің келісімдеріне қарастырылды»,- деді.  

ИИР Президенті Раиси: «Шетелдіктердің болуы аймақтың проблемаларын күшейтеді және бұл күштердің аймақтан шығарылуы аймақтың қауіпсіздігіне үлкен септігін тигізуі мүмкін. Иран мен Ирактың қарым-қатынасы қарапайым қарым-қатынас емес, біздің қарым-қатынастарымыз екі халықтың сеніміне негізделген және бұл екі халық пен екі үкіметті жақындастырған өте терең тамыр. Ирак үкіметі Ирактағы саяси топтардың келісімінің нәтижесі және біз премьер-министр мырзаның стратегиясымен Ирак халқы үшін басқа қызметке қол жеткізіледі деп үміттенеміз»,- деп айтты. Раиси Теһран мен Бағдадтың мәдени, саяси, әлеуметтік және қауіпсіздік салаларында ынтымақтасатынына тоқталған жаңа үкімет кезінде Иран мен Ирак ынтымақтастығы жақсаратынына үміт білдірді.