Шетелдік компаниялар Иранның жарнама және маркетинг көрмесіне белсенді қатысады
(last modified Sun, 04 Dec 2022 10:45:05 GMT )
Жел 04, 2022 16:45 Asia/Almaty
  • Шетелдік компаниялар Иранның жарнама және маркетинг көрмесіне белсенді қатысады

Иранның 18-ші Жарнама және маркетинг көрмесін өткізу штабының басшысы осы көрмеге шетелдік компаниялардың белсенді қатысатынын хабарлады.

Әли Этедали: "Қытай мен Түркия компаниялары осы көрмеге белсенді қатысу үшін Иранға келеді",-деді.

Иранның 18-ші Жарнама және маркетинг көрмесін өткізу штабының басшысы: "Көрме 2022 жылы 10-13 желтоқсанда Теһранның халықаралық көрмелер орталығында өтеді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Этедали көрмеге 120-ға жуық отандық және шетелдік компания қатысатынын айтып: "Қытай мен Түркия көрменің халықаралық бөліміне белсенді қатысатын болады. Ел ішінде түрлі тауарлар өндіретін компаниялар да қатысады",-деді.

Көрмені ұйымдастырушы Бахрам Наджафи көрме аясында мамандандырылған отырыстар өтетінін айтып: "Онда жарнама мен маркетинг, онлайн сауда, қалалық жарнаманың бизнесті дамытудағы рөлі және сыртқы шуды азайту мәселелері талқыланады",-деді.