Мохсени Ежеи: Иранның дос пен дұшпанға қатысты саясаты айқын
Жел 11, 2022 20:43 Asia/Almaty
Иранның Жоғары сот төрағасы бұл елдің дос пен дұшпанға қатысты саясаты айқын екенін айтып: "Иран дұшпандардың талаптарына көнбейді",-деді.
Ғұламхұсейн Мохсени Ежеи жексенбі күні Теһранда үш билік басшыларының қатысуымен өткен ашықтықты арттыруға арналған алғашқы ұлттық форумда: "Иран өз халқының тәуелсіздігі мен бостандығын үстемшілдер мен зорлықшылдардан қорғайды",-деді.
Мохсени Ежеи Иранның АҚШ және сионистерге төтеп беріп келе жатқанын айтып: "Иран дұшпандарға табанды қарсы тұрады, шығын шығарады, бірақ олардың талаптарына көнбейді",-деді.