Иранда теміржол желілері дамытылып жатыр
Халықаралық теміржол одағы өз есебінде Иранда теміржол желілерінің дамытылып жатқанын хабарлады.
Халықаралық теміржол одағына (UIC) мүше елдерден тараған статистикалық мәліметтер көрсеткендей, Иранда теміржол желілері дамытылып жатыр.
Инче-Бурун – Гармсар теміржол желісін тоқпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл теміржол желісін толықтыруға Ресей атсалысады деп күтілуде.
Ресей 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін Инче-Бурун – Гармсар теміржол желісін салу жобасына өзінің атсалысу тәсілін жариялайтын болады. Содан кейін желіні тоқпен қамтамасыз ету амалдары тездетіледі.
Иранда негізгі және қосалқы теміржол желілерінің ұзындығы – шамамен 15 мың км.
Иранның теміржол тасымалы компаниясы сондай-ақ 2020 жылы 181 км желіні тоқпен қамтамасыз етіп, жалпы 9408 км теміржол желісінің 2320 км-ін екі жолаққа бөлді.