Иран келіссөздер тобының кеңесшісі: Сионистік режим Иранның ядролық бағдарламасына зиян тигізе алмайды
Иранның келіссөздер тобының кеңесшісі: «Сионистік режимнің Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасына ауыр зиян келтіруге мүмкіндігі жоқ»,- деді.
Мұхаммад Маранди «Әл-Маядин» телеарнасына берген арнайы сұхбатында: «Екі жақ келісімге өте жақын және ирандықтардың техникалық тұрғыдан ядролық қару жасауға қабілетті екендігіне күмән жоқ. Бірақ Иран ядролық қару жасамауға шешім қабылдады және ядролық қаруға ие болғысы келмейді»,- деп мәлімдеді. АҚШ-тың Иранның ядролық қаруға ие болуына тосқауыл қоя алмайтынын айтқан Маранди: «Жағдай тез өзгеруде және Украинадағы соғыс әлемдегі оқиғаларды жеделдетуде, осы себепті АҚШ аймақтағы саясатын қайта қарап, Иранмен қалай әрекеттесу керектігін үйренуі керек»,- деп баса айтты.