Иранда есту қабілеті бұзылған ересектер футзалынан Азия турнирі өтеді
Жел 21, 2022 15:50 Asia/Almaty
Есту қабілеті бұзылған спортшылар федерациясының басшысы Иранда футзалдан Азия турнирінің өтетінін хабарлады.
Есту қабілеті бұзылған спортшылар федерациясының басшысы Мехран Тишехгаран: «Малайзияда өткен 21 жасқа дейінгі есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футзалдан бірінші әлем чемпионаты кезінде Азия конфедерациясы Иранға ересектер арасындағы футзал турнирін өткізуді ұсынды. Бұл ұсыныс қабылданды»,- деді.
Бұл жарыс келер жылдың мамыр айында өтуі тиіс.
Иранның 21 жасқа дейінгі есту қабілеті бұзылған футзалшылар құрамасы Малайзияда өткен футзалдан әлем чемпионатының бірінші реттік жүлдесін жеңіп алды.