Амир Абдуллахиан: Теһран Риядпен қарым-қатынастың қалыпқа келуін қолдайды
Иран Сыртқы істер министрі Бағдад конференциясының екінші раунды аясында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен пікір алмасқанын хабарлап: «Саудиялықтар қалыпты қарым-қатынасқа оралуға дайын болғанда, Иран оны құптайды»,- деді.
IRNA мәліметі бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан кеше сәрсенбі күні Иордания сапарының соңында және Бағдад конференциясының екінші раунды аясында журналистер арасында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен Теһран мен эр-Рияд арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру уақыты туралы кездесуіне тоқталып: «ИИР дипломатиялық қарым-қатынасты үзген тарап емес, мұндай шешімді Сауд Арабиясы қабылдады. Саудиялықтар қалыпты қарым-қатынасқа оралуға дайын болғанда, Иран оны құптайды»,- деді.