Амир Абдуллахиан: Теһран Риядпен қарым-қатынастың қалыпқа келуін қолдайды
(last modified Thu, 22 Dec 2022 12:36:43 GMT )
Жел 22, 2022 18:36 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Теһран  Риядпен қарым-қатынастың қалыпқа келуін қолдайды

Иран Сыртқы істер министрі Бағдад конференциясының екінші раунды аясында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен пікір алмасқанын хабарлап: «Саудиялықтар қалыпты қарым-қатынасқа оралуға дайын болғанда, Иран оны құптайды»,- деді.

 

IRNA мәліметі бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан  кеше сәрсенбі күні Иордания сапарының соңында және Бағдад конференциясының екінші раунды аясында журналистер арасында   Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен Теһран мен эр-Рияд арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру уақыты туралы кездесуіне тоқталып: «ИИР дипломатиялық қарым-қатынасты үзген тарап емес, мұндай шешімді Сауд Арабиясы қабылдады. Саудиялықтар қалыпты қарым-қатынасқа оралуға дайын болғанда, Иран оны құптайды»,- деді.

 

 

Тегтер