Хадж Әлиакбари: Ислам революциясының үлгісі әйелдерге қатысты батыстық логиканы дағдарысқа тіреді
Теһрандағы жұма намазының имамы: «Ислам революциясы адамзатқа әйелдерге қатысты өзгеріс тудыратын көзқарасты ұсынды және бұл жарқын үлгі батыстық логиканы дағдарысқа тіреді»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Хадж Әлиакбари осы аптада Теһрандағы жұма намазында уағыздарында АҚШ пен халықаралық сионизм бастаған заманауи надандық әйелдердің болмысын тірідей көмуді көздеп отыр деп тоқталып: «Иран Ислам революциясының арқасында озбырлық кезінде басталып, лас залым режимнің ресми бағдарламаларына енген әйелдердің болмысын өзгерту толқыны тоқтатылды»,- деп мәлімдеді. Теһран жұма намаз имамы: «Ирандық әйелдер Фатима-Захра (ғ.с.) мектебіне сүйене отырып, әсіресе әйелдер мен отбасы мәселесінде заманауи надандықты айыптайды және оның әйелдерге қарсы қылмыстарының ұзын тізімін көрсетеді»,- деді.
Хадж Әлиакбари сондай-ақ шәһид болған генерал-лейтенант Хадж Қасем Сүлейманидің ДАИШ сияқты тәкфиршіл топтармен күрестегі ерлігіне тоқталып: «Шәһид Сүлеймани мектебі - қысымға қарсы тұру үшін ең жақсы жол картасы»,- деп баса айтты.