Иранның болат өндірісі 8,5 пайызға өсті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i66432-Иранның_болат_өндірісі_8_5_пайызға_өсті
Дүниежүзілік темір және болат қауымдастығы биылғы жылдың 11 айында (2022) әлемдік болат өндірісінің 3,7 пайызға азайғанымен, Иран 8,5 пайызға өсіммен 28 миллион тоннаға жуық болат өндіре алғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 24, 2022 10:15 Asia/Almaty
  • Иранның болат өндірісі 8,5 пайызға өсті

Дүниежүзілік темір және болат қауымдастығы биылғы жылдың 11 айында (2022) әлемдік болат өндірісінің 3,7 пайызға азайғанымен, Иран 8,5 пайызға өсіммен 28 миллион тоннаға жуық болат өндіре алғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дүниежүзілік темір және болат қауымдастығы өзінің соңғы есебінде осы жылдың 11 айында (2022) Иранның болат өндірісінің 8,5 пайыздық өсімін жариялады. 2021 жылдың 11 айында 25 миллион 700 мың тонна деп жарияланған Иранның болат өндірісі осы жылдың сәйкес кезеңінде 27 миллион 900 мың тоннаға артты.

АҚШ болат өндірісі ағымдағы жылдың 11 айында 5,5 пайызға төмендеп, 74,4 млн тоннаға жетті.