Ғарибабади: Француз үкіметі қарсыластарының дауысын зорлықпен өшіреді
Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы: «Франция үкіметі оппозицияның дауысын зорлық-зомбылықпен өшіруде»,- деді.
Иран Студенттер ақпарат агенттігінің (ISNA) хабарлауы бойынша, Иран Сот билігінің адам құқықтары жөніндегі штабының хатшысы Казем Ғарибабади Twitter-дегі парақшасында: «Францияда бейбіт шерушілерді қатаң түрде басып-жаншу бұл елдің адам құқықтарына немқұрайлылығының қаншалықты дәрежеде екенін дәлелдейді. Франция үкіметі қарсы дауыстарды зорлық-зомбылықпен өшіреді. Адам құқықтарына қатысты қос стандарттар жаңа бетбұрыс жасады немесе не?»- деп жазды.
Париж полициясының басшысы сенбі күні Францияда тұратын күрдтердің наразылық шерулері мен тәртіпсіздіктері кезінде 11 адамның ұсталғанын және 30-дан астам офицердің жараланғанын хабарлады.