Иран Сыртқы істер министрлігіне Теһрандағы Италияның елшісі шақырылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i66590-Иран_Сыртқы_істер_министрлігіне_Теһрандағы_Италияның_елшісі_шақырылды
Кейбір итальяндық қайраткерлердің араласушылық әрекеттерінің жалғасуынан кейін Италияның Теһрандағы елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 30, 2022 11:00 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігіне Теһрандағы Италияның елшісі  шақырылды

Кейбір итальяндық қайраткерлердің араласушылық әрекеттерінің жалғасуынан кейін Италияның Теһрандағы елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Италияның Теһрандағы елшісі Джузеппе Пероне бейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Бұл кездесуде Италияның кейбір қайраткерлерінің мәлімдемелері мен Иранның ішкі істеріне араласу әрекеттерінің жалғасуына ИИР-ның қатаң наразылығы осы елдің елшісіне жеткізілді. ИИР-ның көзқарасы бойынша адам құқықтарына қатысты таңдамалы және екіжүзді әрекеттер қабылданбайды және заңсыз санкциялар салу арқылы Иран ұлтының құқықтарын бұзып, Иран халқының мүдделеріне ауыр зиян келтірді.