Иранның Мешхед Медицина университеті бионикалық қолды ауыстыру табысқа жетті
Иранның Мешхед Медицина ғылымдары университетінде әлемде алғаш рет бионикалық қолды магниттік капсулаларды басқару әдісімен ауыстыру сәтті орындалды.
Мешхед Медицина ғылымдары университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының мүшесі Әли Моради: «Бұл жасанды қолдың басқа жасанды мүшелерден айырмашылығы оның жоғары дәлдігі мен күрделі қимылдарында, жасанды мүше болғанымен, табиғи мүшенің жұмысын жақсы орындайды»,- деді. Моради бұл жаңа ортопедиялық емдеу әдісі бойынша Иранның қазіргі уақытта әлемде бәсекелестері жоқ екеніне тоқталып: «Қазіргі уақытта әйгілі американдық MIT университеті осы салада ұқсас зерттеулер жүргізген әлемдегі жалғыз университет болып табылады, бірақ ол әлі адам ағзасына енгізу кезеңіне жеткен жоқ. Медицина ғылымдары университеті қолды озық бионикалық ауыстыру саласындағы жалғыз белсенді университет болып табылады»,- деп мәлімдеді.