Амир Абдуллахиан: Иран шет мемлекеттердің аймақта болуына қарсы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i66632-Амир_Абдуллахиан_Иран_шет_мемлекеттердің_аймақта_болуына_қарсы
Иран Сыртқы істер министрі Әзірбайжан Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесуінде ИИР-ның аймақтағы шет мемлекеттердің болуына қарсылығын қуаттап: «Оң көзқарастарды ұстану арқылы аймақтың проблемаларын аймақ елдері жақсы шеше алады»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 01, 2023 07:07 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран шет мемлекеттердің аймақта болуына қарсы

Иран Сыртқы істер министрі Әзірбайжан Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесуінде ИИР-ның аймақтағы шет мемлекеттердің болуына қарсылығын қуаттап: «Оң көзқарастарды ұстану арқылы аймақтың проблемаларын аймақ елдері жақсы шеше алады»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесудің басында Әзірбайжан үкіметі мен халқын Жаңа жылдың басталуымен құттықтап: «Жаңа жылда екі ел арасындағы қарым-қатынастар түрлі саяси және экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың дамуының куәсі болады»,- деп үміттенді.

Осы телефон сұхбатында Джейхун Байрамов Иран Ислам Республикасымен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып,  өз үкіметінің жаңа жылдың басында екі ел арасында бірлескен экономикалық комиссия өткізуге және екі ел арасындағы экономикалық және сауда қатынастарын ілгерілетуге мүдделі екенін мәлімдеді.