Франция елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i66708-Франция_елшісі_Иран_Сыртқы_істер_министрлігіне_шақырылды
Францияның Теһрандағы елшісі француз басылымының діни ғұламаларға, қасиеттілік пен діни және ұлттық құндылықтарға тіл тигізгеннен кейін Иранның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 05, 2023 07:35 Asia/Almaty
  • Франция елшісі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Францияның Теһрандағы елшісі француз басылымының діни ғұламаларға, қасиеттілік пен діни және ұлттық құндылықтарға тіл тигізгеннен кейін Иранның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани осы шақыру кезінде Франция үкіметіне Теһранның қатаң наразылығын жеткізіп: «ИИР ешбір жағдайда өзінің исламдық, діни және ұлттық қасиеттілері мен құндылықтарын қорлауды қабылдамайды.  Францияның сөз бостандығын сылтауратып, басқа  елдер  мен мұсылман халықтардың   құндылықтарына тіл тигізуді ақтауға құқығы жоқ»,- деді. Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы француз басылымының Ислам пайғамбарының қасиетті болмысына, Құран Кәрім мен Ислам дініне шабуыл жасаудағы теріс тәжірибесіне сілтеме жасап: «ИИР  Франция үкіметін осы жиіркенішті, тіл тигізетін және негізсіз әрекетке жауапты деп санайды»,- деп айтты.