Бахадори Джахрами: Бүлік ұйымдастыру жоба сәтсіз аяқталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i66712-Бахадори_Джахрами_Бүлік_ұйымдастыру_жоба_сәтсіз_аяқталды
ИИР үкіметінің баспасөз өкілі бүліктерді санкциялар мен дұшпандық әрекеттердің жалғасы деп санап, дұшпандардың бұл тәртіпсіздіктерде ДАИШ-тің медиа үлгісін пайдаланғанын, бірақ олардың жобасы сәтсіздікке ұшырағанын баса айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 05, 2023 08:14 Asia/Almaty
  • Бахадори Джахрами: Бүлік ұйымдастыру жоба сәтсіз аяқталды

ИИР үкіметінің баспасөз өкілі бүліктерді санкциялар мен дұшпандық әрекеттердің жалғасы деп санап, дұшпандардың бұл тәртіпсіздіктерде ДАИШ-тің медиа үлгісін пайдаланғанын, бірақ олардың жобасы сәтсіздікке ұшырағанын баса айтты.

Әли Бахадори Джахрами кеше (сәрсенбі) ислам әлемінің бір топ ғалымдар, ұстаздар, таңдаулылар және БАҚ белсенділерімен кездесуінде генерал-лейтенант Қасым Сүлейманидің шәһид болуының жылдығына және бүкіл Иран мен басқа елдерде осы күнге арналған рәсімдердін өткізілуіне тоқталып: «Бұл рәсімдерде халықтың жаппай қатысуы және махаббат сезімін білдіруі азаттық пен лаңкестікпен күрескен батырларға деген халықтың ыстық ықыласы мен жүрек байланысының шыңына жеткенінің белгісі және бұл махаббат күннен күнге артып келеді»,- деді.

Үкіметтің баспасөз өкілі Ирандағы соңғы тәртіпсіздіктерге қатысты: «Соңғы тәртіпсіздіктер 43 жылдан бері жалғасып келе жатқан араздық пен әскери, мәдени, бұқаралық ақпарат құралдарының шабуылы және ең ауыр экономикалық санкциялар аясында болды»,- деп мәлідеді.