Франция өшпенділік тарату бостандығын қорғауда
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i66754-Франция_өшпенділік_тарату_бостандығын_қорғауда
Иран үкіметінің ақпарат кеңесінің басшысы Франция сыртқы істер министрінің «Ираннан айырмашылығы Францияда әрекет бостандығы бар» деген мәлімдемесіне реакция білдіріп: «Колонна ханым! Сіздің қорғап отырғаныңыз сөз бостандығы емес, өшпенділік бостандығы»,- деп жазды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 07, 2023 11:17 Asia/Almaty
  • Франция  өшпенділік тарату бостандығын  қорғауда

Иран үкіметінің ақпарат кеңесінің басшысы Франция сыртқы істер министрінің «Ираннан айырмашылығы Францияда әрекет бостандығы бар» деген мәлімдемесіне реакция білдіріп: «Колонна ханым! Сіздің қорғап отырғаныңыз сөз бостандығы емес, өшпенділік бостандығы»,- деп жазды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сепехр Халджи жұма күні өзінің Twitter  парақшасында түрмеде отырған француз азаматтарының туристер емес, хаос алаңында тұтқындалған бүлікшілер екенін мәлімдеді. Халджи Франция Сыртқы істер министріне Франциядағы сөз бостандығын қорғаудан бұрын Париж соттарында Роджер Гарудидің сот процесі туралы естеліктермен танысуға кеңес берді. Charlie Hebdo журналы халықаралық карикатуралық сурет байқауын өткізудегі абсурдтық әрекетінен кейін, 4 қаңтардағы арнайы нөмірін тіл тигізетін суреттер мен  сөздерге арнады.