Ғарибабади: Әлемдегі тұтқын әйелдердің үштен бірі Америкада
Иранның адам құқығы штабының хатшысы әлемдегі тұтқын әйелдердің үштен бірі Америка Құрама Штаттарында екеніне назар аудартып: «Америкада 201 мыңға жуық әйел түрмеде отыр»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Казем Ғарибабади: «АҚШ мектептерінде қыздардың 35 пайызы жыныстық шабуылға ұшыраған. Америкада студент қыздардың әрбір бесінші зорланады, олардың тек 5 пайызы ғана полицияға арызданады»,- деп мәлімдеді. Иранның адам құқығы штабының хатшысы АҚШ-та әрбір 98 секунд сайын бір әйелдің жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтынына тоқталып, 2015 жылдан бері тек Америка полициясының қолынан 250 әйел өлтірілгенін айтты.
Казем Ғарибабади: «Ирандағы студенттердің 56%, студенттердің 48%, университет оқытушыларының 33%, яғни 25 мыңға жуық адам, 23500 жазушы және 40% маман дәрігерлер әйелдер»,- деп тоқталды.