Амир Абдуллахиан Иранның Ливан үкіметіне қолдау көрсетуін жалғастыратынын қуаттады
Қаң 13, 2023 06:22 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР Ливан халқын, үкіметін және қарсыласуын табанды түрде қолдауды жалғастыруда»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Ливанға келгеннен кейінгі баспасөз мәслихатында: «Бұл сапар екіжақты, аймақтық және халықаралық консультациялар, соның ішінде Палестинадағы соңғы оқиғаларға қатысты консультациялар өткізу мақсатында Ливан Сыртқы істер министрінің шақыруымен жүзеге асырылады. Ливандағы әртүрлі саяси ағымдар өз президентін сауатты және шетелдік араласусыз тағайындай алатынына күмәніміз жоқ»,- деп мәлімдеді. Ол Ливанның барлық саяси ағымдарын диалог пен келісім арқылы президент сайлауы мен саяси процесті аяқтауға түсуге шақырды.