Қаң 13, 2023 09:59 Asia/Almaty
  • Швеция елшісі  Иран Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

Кейбір еуропалық шенеуніктердің араласушылық мәлімдемелеріне реакция ретінде Швецияның Теһрандағы елшісі Еуропа Одағының кезеңдік төрағалығы лауазымында Иранның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы кездесуде Иран Сыртқы істер министрлігінің Батыс Еуропа бас директоры Маджид Нили Ахмадабади ИИР-ның ішкі істеріне кез келген араласуды айыптай отырып: «Еуропа айыптау және екіжүзділікті қолданудың орнына басқа елдердің адам құқықтары құндылықтарын құрметтеу жауапкершілігіне шынайы түрде назар аударуы керек»,- деді.  Маджид Нили Ахмадабади кейбір еуропалық елдердің басқа елдерде зорлық-зомбылық пен өшпенділік таратудағы рөліне тоқталып: «Елдердің ішкі істеріне араласу барлық халықаралық ережелерге қайшы келеді және ИИР оған төзбейтіні сөзсіз»,- деп айтты. Швеция елшісі бұл кездесуде жағдайды Еуропалық Одақтың штаб-пәтері Брюссельге жеткізетінін мәлімдеді.

Тегтер