Теһран жұма намазының имамы: Үш арал мәңгі ирандық
Теһран жұма намазының имамы: «Үш арал мәңгі ирандық және оған ешкім тиісуге ниеті жоқ және осы уақытқа дейін қолдарынан келмегендей, ештеңе істей алмайды»,- деді.
Теһран жұма намазының имамы аятолла Сейед Ахмад Хатами Теһрандағы жұма намазында Парсы шығанағы елдері басшыларының Әбу Мұса, Үлкен Тонб пен Кіші Тонб үш аралына қатысты кейбір мәлімдемелері туралы: «Бұл аралдар Иранның меншігі болып табылады, ал ең көне құжаттарда Парсы шығанағының су жолы да осы атауимен аталған»,- деп айтты. Теһран жұма намазының имамы Иранға қарсы санкциялардың жалғасуы туралы: «Еуропа, АҚШ және олардың одақтастары Иранды оқшаулау мақсатымен санкция салу бәсекесін бастады, бірақ олар ешқашан бұл мақсатқа жете алмайды»,- деп қуаттады. Ұлыбританияның Қауымдар палатасының Ислам революциясы Сақшылар корпусына санкция салудағы әрекетіне сілтеме жасай отырып: «Ислам революциясы Сақшылар корпусы, Қарулы күштер, Басидж және Қорғаныс министрлігі Иран ұлтының қуатты қарулары және оны лаңкес деп атау Иран халқымен ұстанымын жариялау болып табылады»,- деді. Теһран жұма намазының имамы Францияның Charlie Hebdo басылымының қорлау әрекеті туралы: «Бұл арсыз басылым Ислам революциясының беделі мен мәртебелі жетекшісіне құрметтеушілік танытып, көптеген мұсылмандардың сеніміне тіл тигізді»,- деп айтты.