Иран халқы діни билік пен діни ғұламаларға тіл тигізуді айыптап, шеруге шықты
Иран халқы Францияның Charlie Hebdo басылымының тіл тигізуіне қарсы шерудің қорытынды қарарында үстемшілердің исламның қасиеттеріне, шиіттердің діни билігі мен діни ғұламаларына қарсы арсыз әрекетін айыптады.
Iran Press-тің мәліметінше, Иранның әртүрлі қалаларының халқы жұма намазынан кейін шеруге шығып, Францияның Charlie Hebdo басылымының исламдық қасиеттер мен діни ғұламаларға тіл тигізуін айыптап, шеруге шығып, бір ауыздан бұл әрекетке жиіркенішін білдірді. Францияның Charlie Hebdo басылымының тіл тигізуіне қарсы Иран халқының шеруінің қорытынды қарарында: «Франция журналының бұл ақымақ әрекеті ақлақ пен руханияттың сәтсіздігі мен күйреуі, ойларының тығырыққа тірелуі және батыс мәдениетінің әлсіздігін көрсетеді. Charlie Hebdo басылымының діндер мен илаһи құндылықтарға тіл тигізуі және бостандық деген қасиетті бұрмалауы дүниежүзі мұсылмандары мен азат адамдармен айыпталды»,- деп айтылды.