Канани: Еуропадағы адам құқықтарын талап етушілердің шуы олардың заңсыздығын көрсетеді
(last modified Tue, 17 Jan 2023 07:48:07 GMT )
Қаң 17, 2023 13:48 Asia/Almaty
  • Канани: Еуропадағы адам құқықтарын талап етушілердің шуы олардың заңсыздығын көрсетеді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани британ режимінің шуы мен Еуропадағы кейбір адам құқықтарын талап етушілердің Лондонға қолдау көрсетуін олардың заңнан қашуы мен оны бұзуының көрсеткіші деп санады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насер Канани дүйсенбі күні кешке британ тыңшысы Әлиреза Акбаридің өлім жазасына кесілгені және Ұлыбритания үкіметінің осы үкімнің орындалуына реакциясы, сондай-ақ Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің осы елдің Парламентіндегі Иранға қарсы мәлімдемелерінен кейін  былай деп жазды: «Ұлыбританияның ИИР-ның ұлттық қауіпсіздігіне шабуыл жасау әрекеті Иранның шешуші барлау қызметі мен сотының қатаң жауабына тап болды». Ол тағы бір твитінде: «Корольдік отбасы мүшелері 25 жазықсыз адамның өлтірілуін шахмат фигурасын алу деп түсінетін және одан ұялмайтын британдық режим, бұл әскери қылмысқа көз жұмғандармен бірге басқаларға адам құқықтары туралы уағыз айтуға құқы жоқ»,- деп мәлімдеді.

Тегтер