Иранның мұнай экспорты артты
Мұнай, газ және мұнай-химия өнімдерін экспорттаушылар одағының баспасөз хатшысы Иранның мұнай экспортының артқанын хабарлады.
Сейед Хамид Хұсейни: «2022 жылдың соңғы айларында Иранның мұнай экспорты артты және Иранның мұнай экспортының басым бөлігі Венесуэла мен Қытайға болды»,- деді.
Иранның мұнай, газ және мұнай-химия өнімдерін экспорттаушылар одағының баспасөз хатшысы Иран Телерадио бірлестігі радиосына берген сұхбатында: «Иранның экспортының артуы әлемдік аренада орын алған оқиғалармен, сондай-ақ Ресейдің Батыспен болған проблемаларымен және ресейлік шикі мұнайды экспорттауда туындаған мәселелермен байланысты»,- деп мәлімдеді. Хұсейни сондай-ақ: «Біз Венесуэламен келісім жасап, мұнай өңдеу зауыттарын алдық және Иранның экспортталған мұнайын сонда өңдейміз»,- деп хабарлады.