Иранның мұнай экспорты артты
(last modified Tue, 17 Jan 2023 07:58:09 GMT )
Қаң 17, 2023 13:58 Asia/Almaty
  • Иранның мұнай экспорты артты

Мұнай, газ және мұнай-химия өнімдерін экспорттаушылар одағының баспасөз хатшысы Иранның мұнай экспортының артқанын хабарлады.

Сейед Хамид Хұсейни: «2022 жылдың соңғы айларында Иранның мұнай экспорты артты және Иранның мұнай экспортының басым бөлігі Венесуэла мен Қытайға болды»,- деді.

 Иранның мұнай, газ және мұнай-химия өнімдерін экспорттаушылар одағының баспасөз хатшысы Иран Телерадио бірлестігі   радиосына берген сұхбатында: «Иранның экспортының артуы әлемдік аренада орын алған оқиғалармен, сондай-ақ Ресейдің Батыспен болған проблемаларымен және ресейлік шикі мұнайды экспорттауда туындаған мәселелермен байланысты»,- деп мәлімдеді. Хұсейни сондай-ақ: «Біз Венесуэламен келісім жасап, мұнай өңдеу зауыттарын алдық және Иранның экспортталған мұнайын сонда өңдейміз»,- деп хабарлады.

Тегтер