Ислами: Иранның оңтүстігінде атом электр станциялары салынады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i67006-Ислами_Иранның_оңтүстігінде_атом_электр_станциялары_салынады
Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы елдің оңтүстігінде атом электр стансаларының құрылысы туралы хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 18, 2023 14:51 Asia/Almaty
  • Ислами: Иранның оңтүстігінде атом электр станциялары салынады

Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы елдің оңтүстігінде атом электр стансаларының құрылысы туралы хабарлады.

Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы Мұхаммад Ислами елдің солтүстігі мен оңтүстігінде жоспарланған атом электр станцияларын дамытуда жергілікті және білімге негізделген мамандарды тартудың маңызды әсеріне тоқталып: «Иранның Атом Қуаты Ұйымында ядролық технологияға байланысты өнеркәсіптік инженерияны дамыту саласында стратегиялық шаралар қабылданды. Бұл маңызды саланың қажетті құрал-жабдықтар мен құралдарға деген көптеген қажеттіліктерін және толығымен жергілікті электр станцияларын салудағы өзін-өзі қамтамасыз етеді. Иранның оңтүстік жағалауларында атом электр станцияларын салуда маңызды қадамдар жасалады»,- деді.

Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы сондай-ақ елдің ядролық отын айналымын дамыту саласындағы көптеген халықаралық қарсылықтарға тоқталып, бейбіт мақсаттағы ядролық технология үшін қажетті отын айналымының қуатын құру мен дамытуды жеделдету маңыздылығына тоқталды.