Қаң 19, 2023 21:11 Asia/Almaty
  • Вахиди: Батыс Азия аймағы Сақшылар корпусына қарыздар

Иран Ішкі істер министрі Ұлыбританияның Сақшылар корпусын "лаңкес" деп атау ықтималына реакциясында: "Батыс Азия аймағында тұратын адамдар өздерін Сақшылар корпусына қарыздар санайды",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмад Вахиди: "Батыста бірқатар елдің халықаралық ережелерге қайшы әрекет жасап, бір ресми күшті "лаңкес" деп жариялауы олардың саяси, ақлақтық және интеллектуалдық әлсіздігін көрсетеді",-деді.

Вахиди: "Батыс елдері аймақ халықтарының жүрегінен орын алып, оларға қызмет ететін Сақшылар корпусын әлсіретеміз деп ойлайды",-деді.

Вахиди: "Сионистік режим – мемлекеттік терроризм. АҚШ та ашық түрде сардар Сүлейманиге террор жасады",-деді.   

Тегтер