Халықаралық ықпалды әйелдер конгресінде жеті әйел марапатталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i67082-Халықаралық_ықпалды_әйелдер_конгресінде_жеті_әйел_марапатталды
Халықаралық ықпалды әйелдер конгресінің жабылу салтанаты Теһранда өтіп, түрлі елдердің көрнекті және ықпалды жеті әйелі марапаттарға ие болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 21, 2023 10:32 Asia/Almaty
  • Халықаралық ықпалды әйелдер конгресінде жеті әйел  марапатталды

Халықаралық ықпалды әйелдер конгресінің жабылу салтанаты Теһранда өтіп, түрлі елдердің көрнекті және ықпалды жеті әйелі марапаттарға ие болды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Халықаралық ықпалды әйелдер конгресінің шетелдік бірінші сыйлығы химия саласындағы көрнекті зерттеуші әрі Таиланд университетінің профессоры Ли ханымға берілді. Екінші жүлде Иранның медициналық генетика ғылымдарының кандидаты Соде Гафуридке берілді. Келесі кезекте Ресейдің көрнекті әйелдерінің бірі Элина ханым, ирандық ғалымдардың бірі Захра Имамжұма ханым, аргентиналық Мерия Бетриз Юнес ханым, ирандық Можган Занди және қытайлық Панабе Шиами құрметке ие болды.