Ықпалды әйелдер бірінші халықаралық конгресінде ынтымақтастық туралы 10 құжат дайындалды
Иранның Әйелдер және отбасы істері жөніндегі вице-президенті ықпалды әйелдердің бірінші халықаралық басқосуында 10 бірлескен құжат дайындалғанын хабарлады және халықаралық деңгейде әйелдердің жақсы қозғалысы мен өзара әрекеттесуі үшін бұл ынтымақтастықтар жалғасын табады деген сенім білдірді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Энсие Хазали ықпалды әйелдердің алғашқы халықаралық басқосуында: «Бұл халықаралық конгрессті өткізудің мақсаты - Иран мен әлем әйелдерінің қозғалысы мен өзара әрекеттесуін арттыру. Үстемшілдік әлемге, әсіресе әйелдерге қысым мен қорқыту арқылы және ережелерден тыс үкім шығару арқылы өзі қалаған нәрсені таңып бере алмайды. Әйелдер бір-бірімен қарым-қатынасын сақтайды және біз өз дауысымызды әлемге жеткіземіз»,- деді.