Дүниежүзілік исламдық ояну форумы: Сақшылар корпусына қарсы арандатушылық әрекеттер қатаң айыпталады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i67128-Дүниежүзілік_исламдық_ояну_форумы_Сақшылар_корпусына_қарсы_арандатушылық_әрекеттер_қатаң_айыпталады
Дүниежүзілік исламдық ояну форумы өз жолдауында Еуропарламенттің Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы әрекетін қатаң айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 23, 2023 09:45 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік исламдық ояну форумы: Сақшылар корпусына қарсы арандатушылық әрекеттер қатаң айыпталады

Дүниежүзілік исламдық ояну форумы өз жолдауында Еуропарламенттің Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы әрекетін қатаң айыптады.

Дүниежүзілік исламдық ояну форумы Еуропарламенттің жуырдағы әрекетіне реакция білдіріп: «Бұл әрекеттер Ислам революциясы Сақшылар корпусы мен елдің басқа да әскери күштерінің аты мен беделіне нұқсан келтірмейді және бұл арандатушылық әрекеттер қатаң түрде айыпталады»,- деп жазды.

IRNA-ның хабарлауынша, Дүниежүзілік исламдық ояну форумы осы жолдауда: «Ислам революциясы Сақшылар корпусы революцияны, исламдық Иранды және осы шекара мен аймақты қорғаудың тіректері мен негіздерінің бірі және біз оны әрқашан қолдаймыз»,- деп мәлімдеді.