Қаң 25, 2023 13:18 Asia/Almaty

ИИР Президенті Теһран мен Дамаск арасындағы қарым-қатынастарды стратегиялық деп атап: «Қарсыласу кезеңіндегі сияқты Иран да қайта құру кезеңінде экономикалық ынтымақтастықты күшейту арқылы Сирия халқымен бірге болды»,- деді.

Iran Press-тің хабарлауынша, Ибрахим Раиси кеше, сейсенбіде Теһранда Сирия қорғаныс министрі генерал-лейтенант  Әли Махмуд Аббаспен кездесуінде: «Иран мен Сирияның қарым-қатынастары ортақ сенімге, сондай-ақ екі ел халқының тұрақтылығы мен қарсыласу рухына негізделген»,- деп мәлімдеді.

Сирия Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Әли Махмуд Аббас та осы кездесуде Сирияның шынайы бауырлары мен достарының қолдауымен лаңкестікке қарсы жеңіске жеткеніне және бұрынғыдан күштірек,   қарсылық осінің буындарының бірі ретінде рөл атқаратынына тоқталып: «Қарсылық осі жаңа әлемді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады»,- деді.