Иран үкіметі өкілі Канададағы балалардың жаппай бейіттерінің табылуына реакция білдірді
(last modified Fri, 27 Jan 2023 08:49:56 GMT )
Қаң 27, 2023 14:49 Asia/Almaty
  • Иран үкіметі өкілі Канададағы балалардың жаппай бейіттерінің табылуына реакция білдірді

Иран үкіметінің баспасөз хатшысы интернаттар аумағында канадалық балалардың 66 жаппай бейітінің табылғаны туралы хабарға реакция білдірді.

Isna-ның хабарлауынша,  Әли Бахадори Джахорми  Twitter парақшасында: «Батыста өткен жылдардағы жазықсыз балаларды өлтіру салдары, қазір Канадада жаппай бейіттердің бірінен соң бірі табылуымен, ал Батыстың адамзатқа қарсы мәдениетіндегі бүгінгі адамзатты өлтірудің салдары болашақ ұрпақ үшін де айқынырақ болады»,- деп жазды. Бейсенбі күні ақпарат көздері Канаданың батысындағы  Британдық Колумбия  облысында жергілікті балалардың кем дегенде 66 таңбаланбаған қабірі табылғанын хабарлады. Бұл бейіттер балалар мектебі болған жерден табылған. 1819 жылы «Қызыл түстілер өркениеті туралы заң» негізінде құрылған Канададағы аборигендік мектептер балаларды ата-аналарынан және олардың мәдениеті мен әдет-ғұрыптарынан алшақ ұстау арқылы канадалық аборигендердің жеке басының басылуына себеп болды.

Тегтер