Амир Абдуллахиан Теһранның Баку елшілігі оқиғасының мән-жайын анықтауға дайын екенін қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі Теһранның Баку елшілігі оқиғасының мән-жайын анықтауға дайын екенін қуаттады.
ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Twitter парақшасында: «Әзірбайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлескенімде мен ИИР Президенті Ибрахим Раисидің көңіл айту жолдауын жеткіздім. Ауруханаға барып Әзірбайжан Елшілігі қызметкерлерінің емделу барысы туралы сұрадым. Иран оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ынтымақтастыққа дайын. Осы қайғылы оқиғаға байланысты бауырлас ж»не көрші елдің үкіметі мен халқына көңіл айтамыз»,- деп жазды.
2023 жылдың 27 қаңтары, жұма күнгі қарулы адамның Әзірбайжанның Теһрандағы елшілігіне шабуылында елшілік күзетшісі қаза тауып, тағы екі адам жараланды.