Исфаханда Иран Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендерінің біріне шабуыл сәтсіз аяқталды
ИИР Қорғаныс министрлігі өз мәлімдемесінде: "Сенбі күні кешке Исфаханда осы ведомствоға тиесілі өнеркәсіп кешендерінің бірі дрондардың шабуылына ұшырады. Дрондардың бірі әуе-қорғаныс жүйесі тарапынан құлатылса, екеуі қорғаныс қақпанына түсіп жойылды",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исфаханда Иран Қорғаныс министрлігінің өнеркәсіп кешендерінің бірінде жарылыс болған соң осы министрлік мәлімдеме жасап: "Бұл сәтсіз шабуыл кеше сағат 23:30-да орын алды. Әуе-қорғаныс жүйесінің алдын ала болжауының арқасында дрондардың шабуылы сәтті залалсыздандырылды",-деді.
Мәлімдемеде: "Бұл шабуылда адам шығыны болған жоқ. Шеберхананың төбесіне аздап зиян тиді. Құдайға шүкір, кешеннің құрылғылары аман, жұмысы бұзылған жоқ",-делінген.