Раиси: Бүгін бізге бірлік бұрынғыдан көбірек қажет
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i67492-Раиси_Бүгін_бізге_бірлік_бұрынғыдан_көбірек_қажет
Иран Президенті Ибрахим Раиси дүйсенбі күні кешке тәуһидтік діндерді ұстанушылар рәсімінде сөйлеген сөзінде: «ИИР-ның осы уақытқа дейін жеткен жеңістері барлық диалект, дін және наным-сенімдегі халқымыздың көрегендігі мен ұстанымының арқасы»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 07, 2023 14:19 Asia/Almaty
  • Раиси: Бүгін бізге бірлік бұрынғыдан көбірек қажет

Иран Президенті Ибрахим Раиси дүйсенбі күні кешке тәуһидтік діндерді ұстанушылар рәсімінде сөйлеген сөзінде: «ИИР-ның осы уақытқа дейін жеткен жеңістері барлық диалект, дін және наным-сенімдегі халқымыздың көрегендігі мен ұстанымының арқасы»,- деді.

Ибрахим Раиси имам Хомейнидің саяси мектебі руханиятпен байланысты екенін,  руханиятсыз және Құдайсыз саясат адамзатқа үлкен апаттар әкелгенін баса айтып: «Палестина халқының 70 жыл бойы зорлық-зомбылық көруі – құдайсыз саясаттың нәтижесі. Бүгін біз үшін өте маңызды нәрсе – Ислам революциясы жеңісінің жылдығында Ислам революциясының жетістіктерін көру және өте жарқын болашаққа үміттену. Бізге Ибраһимдік діндердің күпірлік пен атеизмге қарсы екендігі және барлық Ибраһимдік діндердің өзегі тақуалық екені анық»,- деп мәлімдеді.