Раиси: Иран қиын уақытта Сирия халқы мен үкіметінің жанында болды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i67520-Раиси_Иран_қиын_уақытта_Сирия_халқы_мен_үкіметінің_жанында_болды
ИИР президенті Сирия президентімен телефон арқылы сөйлесуінде осы елдің жер сілкінісінен зардап шеккендерге көңіл айтып: «Иран қиын уақытта Сирия халқы мен үкіметінің жанында болды»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 08, 2023 10:50 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран қиын уақытта Сирия халқы мен үкіметінің жанында болды

ИИР президенті Сирия президентімен телефон арқылы сөйлесуінде осы елдің жер сілкінісінен зардап шеккендерге көңіл айтып: «Иран қиын уақытта Сирия халқы мен үкіметінің жанында болды»,- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР президенті  Ибрахим Раиси Сирия президенті Башар Асадпен телефон арқылы сөйлесуінде Иран үкіметі мен халқының осы елдегі жер сілкінісіне байланысты сириялық бауырластарға көңіл айтуы мен жанашырлығын білдіруіне тоқталып: «Иран қиын уақытта Сирия халқы мен үкіметінің жанында болды. Қазір де жер сілкінісінен зардап шеккен  сириялықтарға дереу көмек көрсетуге дайын»,- деп мәлімдеді.

Сирия президенті Башар Асад та телефон арқылы сөйлескен кезде ИИР президентіне телефон соққаны үшін алғыс айтып: «Бұл Сирияда соңғы 250 жылдағы алғашқы жер сілкінісі екенін ескере отырып, жер сілкінісінен зардап шеккендерге жақсырақ көмек көрсету үшін ИИР-ның тәжірибелері мен мүмкіндіктерін пайдаланғымыз келеді»,- деді.