Ирандық әнші АҚШ үкіметінен бас тартты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i67522-Ирандық_әнші_АҚШ_үкіметінен_бас_тартты
2023 жылғы Грэмми сыйлығында «Әлеуметтік өзгерістерге арналған үздік ән» жүлдесін жеңіп алған ирандық әнші жеке парақшасында твит жариялау арқылы АҚШ үкіметінен бас тартуын жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 08, 2023 11:09 Asia/Almaty
  • Ирандық әнші АҚШ үкіметінен  бас тартты

2023 жылғы Грэмми сыйлығында «Әлеуметтік өзгерістерге арналған үздік ән» жүлдесін жеңіп алған ирандық әнші жеке парақшасында твит жариялау арқылы АҚШ үкіметінен бас тартуын жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 2023 жылғы Грэмми сыйлығын тапсыру рәсімінде ирандық әнші Шервин Хаджипурдың есімі «Әлеуметтік өзгерістерге арналған үздік ән» сыйлығының иегері деп жарияланғаннан кейін ол твиттерде: «Мен және барша ирандықтар бұл сыйлыққа қуаныштымыз. Бірақ айтайын дегенім, Иран мен аймақ халқының өмірі мен қуанышының үлкен бөлігіне бұл сыйлықты АҚШ президентінің әйелі табыс еткені нұқсан келтірді. Бұл сыйлықты осы өнер туындысына өнерлі тұлға бергені дұрыс болар еді. Мен өз елімді барлық сұлулығымен жақсы көремін және осында қаламын»,- деп жазды.