Амир Абдулахиан мен Гутерриш санкцияларды жоюға қатысты келіссөздер туралы келісімге келді
ИИР Сыртқы істер министрі мен БҰҰ Бас хатшысы кездесіп, санкцияларды жою туралы келіссөздер жөнінде келісімге келді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл отырыста техникалық келіспеушіліктерді шешу мақсатында Иран мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің ынтымақтастығына қатысты соңғы оқиғалар мен агенттік шенеуніктерінің Теһранға сапары, жалғасып жатқан дипломатиялық әрекеттер мен санкцияларды жою жөніндегі келіссөздерге қатысты әрекеттер және барлық тараптардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтарылуы талқыланды.
Амир Абдуллахиан мен Гутерриш осы кездесуде аталған мәселелер бойынша жоспарланған қадамдар бірлескен консультацияларды үйлестіру және жалғастыру арқылы жалғасатынына келісті.