Адмирал Тангсири: Иран кез келген жерден жасалған қоқан-лоқыға кесімді жауап береді
Ислам революциясының Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің қолбасшысы Иранның стратегиясы әрқашан қорғаныс болғанын айтып: "ИИР мүддесіне кедергі жасағысы келген кез келген елге жауабымыз кесімді болмақ",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, адмирал Әлиреза Тангсири америкалықтардың аймақта әскери кемелер санын азайтқанына біраз болғанын айтып: "Шығыны көп болғандықтан, америкалықтар аймақта ұзақ уақыт қала алмайтыны анық. Парсы шығанағы Иран мен оңтүстіктегі көршілерге тиесілі",-деді.
Адмирал Тангсири: "Аймақта АҚШ-тың тек зеңбірегі бар WP6 мен P6 кемелері және бір эсминеці қалды. Бұл олардың аймақта қала алмайтынын көрсетеді. Сондықтан аймақтан шығып, экипажсыз кемелер жіберді. Аймақта болуын осымен шектеді",-деді.