Тұзды тұщыту бойынша бірнеше жобаның тұсаукесері өтті
Бушер суын тұщыту жобасының тұсауыкесер рәсімінде Иран президенті су және электр секторындағы шиеленістерді шешуді үкіметтің маңызды және басты мәселелерінің бірі деп атады.
Раиси мырза теңіз шаруашылығын барынша пайдалануды баса айта отырып, бұл жоспарды жүзеге асыруды Бушер облысындағы даму жоспарларын жалғастыру үшін негіз деп санады.
Бұл рәсімде елдің Энергетика министрі теңіз суы сияқты дәстүрлі емес суларды ауызсу, санитарлық және өндірістік мақсатта пайдалануды үкіметтің басым бағыттарының бірі ретінде қарастырды.
Бушер суын тұщыту жобасы бүгінде тәулігіне 35 000 текше метр тұщыту қуатымен өндірістік тізбегіне енді және 12 000 миллиард риал несиесі бар 7 шақырымдық су өткізу желісін қамтиды.