Хазірет Әлиакбардың (ғ.с.) туған күні және Жастар күні құтты болсын!
Бүгін (сенбі), хижра күнтізбесінің 1444 ж. шағбан айының 11 жұлдызы, сәйкесінше 2023 жылдың 4 наурызы шиіттердің үшінші имамы имам Хусейннің (ғ.с.) перзенті хазірет Әлиакбардың (ғ.с.) туған күні.
Хазірет Әлиакбар (ғ.с.) хижраның 33-ші жылы шағбан айының 11-інде Мәдинада дүниеге келген. Имам Хусейн (ғ.с.) Әлиакбарды жаратылыс, ахлақ пен рухани қасиеттер, сөйлеу және қоғамдық әдептер бойынша ардақты Пайғамбарға (с.ғ.с.) ең ұқсас адам деп таныстырды. Хазірет Әлиакбар хижраның 61-ші жылы мұхаррам айының 10-ы күні, Ашура күні ардақты әкесі және адал серіктерімен бірге шәһид болып, Кербалада имам Хусейннің (ғ.с.) жанына жерленді.
Хазірет Әлиакбардың туған күні ИИР-ның күнтізбесінде «Жастар күні» деп аталды.