Хазірет Әлиакбардың (ғ.с.) туған күні және Жастар күні құтты болсын!
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i68084-Хазірет_Әлиакбардың_(ғ.с.)_туған_күні_және_Жастар_күні_құтты_болсын!
Бүгін (сенбі), хижра күнтізбесінің 1444 ж. шағбан айының 11 жұлдызы, сәйкесінше 2023 жылдың 4 наурызы шиіттердің үшінші имамы имам Хусейннің (ғ.с.) перзенті хазірет Әлиакбардың (ғ.с.) туған күні.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 04, 2023 09:37 Asia/Almaty
  • Хазірет Әлиакбардың (ғ.с.) туған күні және Жастар күні құтты болсын!

Бүгін (сенбі), хижра күнтізбесінің 1444 ж. шағбан айының 11 жұлдызы, сәйкесінше 2023 жылдың 4 наурызы шиіттердің үшінші имамы имам Хусейннің (ғ.с.) перзенті хазірет Әлиакбардың (ғ.с.) туған күні.

Хазірет Әлиакбар (ғ.с.) хижраның 33-ші жылы шағбан айының 11-інде Мәдинада дүниеге келген. Имам Хусейн (ғ.с.) Әлиакбарды  жаратылыс, ахлақ пен рухани қасиеттер, сөйлеу және қоғамдық әдептер бойынша ардақты Пайғамбарға (с.ғ.с.) ең ұқсас адам деп таныстырды. Хазірет Әлиакбар хижраның 61-ші жылы мұхаррам айының 10-ы күні, Ашура күні ардақты әкесі және адал серіктерімен бірге шәһид болып, Кербалада имам Хусейннің (ғ.с.) жанына жерленді.

Хазірет Әлиакбардың туған күні ИИР-ның күнтізбесінде «Жастар күні» деп аталды.