Теһран жұма намазының имамы: Ирандағы оқушылар улану себептерімен батыл түрде күресу керек
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i68086-Теһран_жұма_намазының_имамы_Ирандағы_оқушылар_улану_себептерімен_батыл_түрде_күресу_керек
Теһран жұма намазының имамы елдегі оқушылардың улану мәселесіне тоқталып, оған қатыстыларды анықтап, олармен күресу қажеттігін баса айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 04, 2023 09:38 Asia/Almaty
  • Теһран  жұма намазының имамы: Ирандағы оқушылар улану себептерімен батыл түрде күресу керек

Теһран жұма намазының имамы елдегі оқушылардың улану мәселесіне тоқталып, оған қатыстыларды анықтап, олармен күресу қажеттігін баса айтты.

Өткен күндері Иранның кейбір қалаларында бірқатар мектеп оқушылары уланып қалды. Бағалау және мамандандырылған топтар бұл уланудың себебін анықтауда.

Iran Press-тің хабарлауынша, Теһран жұма намазының имамы Сейед Мұхаммад Хасан Әбуторабифард: «Мәселені нақтылап, қоғамдық пікірді ұғындыру арқылы оқушылар мен олардың ата-аналарының тыныштығын қамтамасыз ету қажет»,- деді. Ол Иран халқының терең саяси көрегендігіне сілтеме жасай отырып: «Иран халқы 22 бахман шеруіне жаппай қатысуымен, қиындықтар мен экономикалық қысымдарға қарамастан, дұшпандар тудырған тығырықтардың шыңында өз билігін сақтап қалу үшін табандылық танытты»,- деп мәлімдеді.