Иран Германия Сыртқы істер министрінің араласушылық мәлімдемелеріне реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i68088-Иран_Германия_Сыртқы_істер_министрінің_араласушылық_мәлімдемелеріне_реакция_білдірді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Германия Сыртқы істер министрінің ирандық студенттердің улануына қатысты араласушылық мәлімдемелеріне реакция білдіріп: «Германия улы газдар арқылы химиялық уланулар үшін жауап беруі керек»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 04, 2023 09:39 Asia/Almaty
  • Иран Германия Сыртқы істер министрінің араласушылық мәлімдемелеріне реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Германия Сыртқы істер министрінің ирандық студенттердің улануына қатысты араласушылық мәлімдемелеріне реакция білдіріп: «Германия улы газдар арқылы химиялық уланулар үшін жауап беруі керек»,- деді.

Iran Press-тің хабарлауынша, Насер Канани Чафи кеше,  жұма күні твитінде: «Әлі анықталуы қажет ащы ақиқаттардың қатарында БААС режимінің Иранға қарсы таңыған соғысы кезіндегі  улы газдары арқылы химиялық улануларды атап кетуге болады. Оларға Германиы үкіметі жауапты»,- деп мәлімдеді. Канани Чафи Германияның Сыртқы істер министріне: «Бұл зиянды және қауіпсіздікке қарсы әрекет тексерілуде. Иран үкіметі қылмыскерлерді анықтауға және қылмыстың тамырын жоюға шынайы кірісуде. Біз саяси себептердің ирандық оқушы қыздарға қауіп-қатер тудыруына жол бермейміз»,- деп баса айтты.