Иран Германия Сыртқы істер министрінің араласушылық мәлімдемелеріне реакция білдірді
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Германия Сыртқы істер министрінің ирандық студенттердің улануына қатысты араласушылық мәлімдемелеріне реакция білдіріп: «Германия улы газдар арқылы химиялық уланулар үшін жауап беруі керек»,- деді.
Iran Press-тің хабарлауынша, Насер Канани Чафи кеше, жұма күні твитінде: «Әлі анықталуы қажет ащы ақиқаттардың қатарында БААС режимінің Иранға қарсы таңыған соғысы кезіндегі улы газдары арқылы химиялық улануларды атап кетуге болады. Оларға Германиы үкіметі жауапты»,- деп мәлімдеді. Канани Чафи Германияның Сыртқы істер министріне: «Бұл зиянды және қауіпсіздікке қарсы әрекет тексерілуде. Иран үкіметі қылмыскерлерді анықтауға және қылмыстың тамырын жоюға шынайы кірісуде. Біз саяси себептердің ирандық оқушы қыздарға қауіп-қатер тудыруына жол бермейміз»,- деп баса айтты.