Британдықтардың Иран қаруы бар кеме Оман теңізінде ұсталды деген мәлімдемесі жоққа шығарылды
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ұлыбритания теңіз күштерінің АҚШ теңіз күштерінің ынтымақтастығымен ирандық қару-жарақ тасыған кеменің Оман теңізінде қолға түскені туралы мәлімдемесін жоққа шығарды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани: «Басқыншы Сауд коалициясына миллиардтаған долларлық қару-жарақ жіберу арқылы адамдардың қырылуына және Йеменнің жойылуына себепкер болған елдер басқаларды айыптау арқылы өздерін ақтай алмайды. Тарих бойында соғысты тудыратын басты себепкер болған және әлемнің маңызды аймақтарына қару-жарақ пен техниканы ең көп экспорттаушы елдер жалған мәлімдемелер жасап, жалған ақпарат тарату арқылы жаһандық қоғамдық пікірді адастыруға тырысуда. Бұл елдер қате адрес беріп, Йеменнің қорғансыз және езілген халқына қарсы таңылған соғыста жауапкершіліктен қашудың орнына, қатыгез соғыста пайда іздеуші көзқарастарын тоқтатуы керек»,- деді.