Раиси: Иран Ислам республикасы заманауи адамның қажеттіліктерін ескере отырып құрылған
(last modified Fri, 10 Mar 2023 10:01:47 GMT )
Нау 10, 2023 16:01 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран Ислам республикасы заманауи адамның қажеттіліктерін ескере отырып құрылған

Иран Президенті "Шексіз бол" атты бағдарламаға қатысқан қыздармен кездесіп: "Иран Ислам республикасы заманауи адамның қажеттіліктерін ескере отырып құрылған",-деді.

Ибрахим Раиси кеше, бейсенбі күні: "Ислам революциясы діни демократия негізінде жаңа өркениет ұсынды. Онда заманауи адамдар үшін жаңа өмір стилі қарастырылған",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Раиси имам Хомейнидің (р.) Ислам республикасын заманауи адамның қажеттіліктерін ескере отырып құрғанын айтып: "ИИР адамдардың әл-ауқаты жақсы болып, өмірден ләззат алуына қарсы емес, оны басып-жаншымайды. Керісінше адамдарға өмір сүрудегі мақсаттың не екенін білуге бағыт береді",-деді.

Иран Президенті Батыста адамгершілікке жат қатынастар, соның ішінде  жезөкшелік пен біржыныстылық мәдениетін тарату және мұны өркениет пен дамудың символы ретінде жарнамалауды адамгершіліктен жұрдай болу деп атап: "Батыстықтар жаңа жаһандық кеңістікте БАҚ-тың күшімен және мәжбүрлеу әдістеріне сүйеніп әлемге, әсіресе исламдық Иранға өз мәдениетін таратуды көздеп отыр. Осы басқыншылыққа қарсы тұру үшін қырағылық пен нақтылық қажет",-деді.  

Тегтер