Нау 12, 2023 21:19 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: Иран халқының саяси белсенділігі дұшпанның сағын сындырды

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Иран халқының дұшпандарға табанды қарсы тұрғанына алғыс айтып: "Иран халқының саяси белсенділігі дұшпанның сағын сындырды",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал-майор Хұсейн Салами жексенбі күні Иранның солтүстік-батысындағы Урумиеде болған Бадр және Хейбар әскери амалдарының шәһидтерін еске алу рәсімінде Иран халқына қарсы жасалып жатқан ауқымды жауластық пен бұрын-соңды болмаған қысымға тоқталып: "Осынша қысым мен жауластық адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған. Егер 44 жылда Иранға жасалған жауластық әрекеттердің бірі әлемдегі басқа бір құдіретті елге жасалса, ол үкімет пен жүйе құлайтын еді",-деді.

Генерал-майор Салами Иран халқының төзімділігінің себебін имам мен жетекшінің төзімділігінен үлгі алу деп атап: "Ислам революциясы жетекшісінің жауластыққа теңдессіз төзімділігі қолбасшылар мен сарбаздардың да мықты болып, имандарының артуына себеп болды. Имамның иманы мен төзімділігі үмбеттің төзімді болуына ықпал етті",-деді.  

Тегтер